«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ қазақ тілі пәнінен

11.05.2017

САБАҚ: 4-бөлім 1-сабақ

Мектеп:А.М.Горький атындағы №2 ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Г.Е.Калыкова

Сынып:1 «Б»

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар: -

Тақырыбы:Үй жануарлары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.2.1.

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.4.1.

Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.3.1.

Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.5.1.4.

Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Үй жануарларын

атай алады, олардың санын айта алады.

 

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тақырып бойынша

сөйлесе алады, үй жануарларына қатысты сұрақтарды дұрыс қоя алады.

 

Кейбір оқушылар орындай алады:

Үй жануарлары

туралы қосымша мәлімет біледі, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

Оқушылар орындай алады:сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді,

сұрақтар қоя біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Мынау – түйе.

Мынау – сиыр. Мынау – жылқы. Мынау – қой. Мынау – ешкі.

Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы

тіркестер:

Мынау сиыр ма?

Иә, бұл – сиыр. Мынау жылқы ма? Жоқ, бұл жылқы емес.

Талқылауға

арналған сұрақтар:

Үй

жануарларының қандай пайдасы бар?

Не себепті

пайдалы деп ойлайсыз?

Алдыңғы оқу:

Үй

жануарларының атауын біледі, 1-ден 10-ға дейін сандарды атай алады.

 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7мин

Ынтымақтастық ахуал.

«Пазл» әдісі.

Әр топқа қима қағаздар таратылады. Оқушылар оны құрай отырып, жаңа

тақырыпты ашады.

Сиыр                                  Жылқы

Бұл не?Бұл не?

Түсі қандай?Түсі қандай?

 

Ешкі                                       Түйе

Бұл не?Бұл не?

Түсі қандай?Түсі қандай?

 

Оқушыларға бейнематериал

көрсетіледі.

Бейнематериал арқылы оқушылар

үй жануарлары адамның қасында өмір сүретін жануар, адамға пайдасын

тигізетінін байқаулары тиіс.

Балалардың аты кім? Елдос пен Аяжан

Олар кімді кездестірді? құлыншақты

Қандай үй жануарлары аталды?күшік, мысық, құлын, сиыр, қой, тауық.

 

 

 

Қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бейнеролик

Ортасы

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

4  минут

 

 

 

2 минут

 

3 минут

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

"Артығын алып таста" стратегиясы.

Әр топқа үй жануарлары мен аңдар бар сурет таратылады. Балалар

берілген суреттен үй жануарларын ғана атайды.

Үй жануарлары:ешкі,

сиыр, мысық, ит, түйе, әтеш.

Мұғаліммен бірге қайталайды.     

 

Постер

жасау. Әр жұпқа қима қағаздар беріледі. Сол бойынша олар

үй жануарларыжайлы постер жасайды және қорғайды.

 

 

 

«Сәйкестендіру» стратегиясы. Үй жануарларының төлдерін дұрыс табу.

 

 

Сергіту сәті

 

Келесі

тапсырмада неше? қанша? сұрағына жауап беруге жаттығады. Оқушылар неше жануар

бар екенін айтады.

Бес жылқы. Жеті қой. Алты ешкі. Үш түйе. Екі

сиыр.

 

Тыңда, ойлан, тап. Үй жануарларының дыбыстарын тыңдап, қандай

жануар екенін табады.

 

«Иә, жоқ» стратегиясы.

- Бұл сиыр

ма?

- Иә, бұл – сиыр.

- Жоқ, бұл сиыр емес

 

- БҰЛ ТҮЙЕ

МЕ?

- ИӘ, БҰЛ – ТҮЙЕ.

- Жоқ, бұл сиыр емес

 

"Үй жануарларына қатысты 10 сөз жазыңыз"  стратегиясы.

Әр топқа күннің

көзі бар парақшалар таратылады. Оқушылар күннің сәулелеріне бүгінгі сабақта

естерінде қалған 10 сөз жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ет, сүт, жүннен

тоқылған киім, бидай, шөп, көкөністердің суреттері.

 

Үй жануарлары

мен төлдері.

 

 

 

 

 

 

 

бейнеролик

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күннің көзі бар

парақша

Соңы

 

5 минут

 

 

Әр оқушыға

тапсырмасы бар парақшалар таратылып, сабақ бекітіледі.

 

 

 

 

Қосымша ақпарат

 

 

 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді

қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

 

Сөз-сөз

тіркесі-сөйлем

 

 

Баллдық бағалау

 

 

 

 

 

Дүниетану

(әлеуметтік сала)

Рефлексия

Сабақтың

мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ

қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Бағдарлама бойынша тыңдалым, айтылымды дамыту үшін үш мақсатты алдым.

Мақсаттарға сүйене отырып, тапсырмалардағы жаңа тақырыпты, сөздерді түсінеді

және сөйлем құрастырады. Тапсырмаларды топпен және жеке орындайды.

 

 

Сабақтың мақсаты толық орындалды.

 Бүгін оқушылар таныс сөздері мен таныс емес

сөздерден айтылым дағдылары негізінде сөз тіркесін, сөйлем құрастыра алуға

үйренді.

Сабақ бойынша саралау іске асты,

тапсырмалар  жас ерекшеліктеріне сәйкес

болды.  Уақытты тиімді пайдаландық.

Кейбір оқушылар толығымен сабаққа қатыса алған жоқ. Келесі сабақта оларды

психологиялық жаттығуларға тартамыз. 

Тапсырмаларды қисынды етіп түрлендіреміз.

 

 

Қорытынды бағалау

 

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен

оқуға қатысты)

1: Оқытуға қатысты постер жасау

 

 

2:Оқуға қатысты «Тыңда, ойлан, тап»тапсырмасы

 

 

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма

сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:Топпен жұмыс  

 

 

2: Ым-ишара арқылы үй жануарларының

бейнесін көрсету

 

 

Осы сабақтың барысында барлық сынып

немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай

ақпарат білдім?

1:

 

2:

 

Просмотров: 403

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст