Іс-шара атауы: «Достық күні» Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында
Өткізілетін орны: КММ «А.М.Горький атындағы № 2 орта мектебі» Степногорск қ. білім бөлімі, «Ғажайып әлем» мектеп алаңы
Мерзімі: 2019ж. 18 маусым
«Ғажайып әлем» мектеп алаңында «Достық күні» Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың адамдармен ұлтына, әлеуметтік жағдайына, діни тиістіліктеріне, көзқарастарына, ойлау стиліне және жүріс-тұрысына қарамастан өзара констуктивті әрекеттену қажеттілігін тәрбиелеу, қарым-қатынастарын нығайту және коллективті ұйымдастыру.
Сол күнгі бағдарламада: «Мы жители Земли» психологиялық тренингі,
«Бірлігіміз жарасқан» спорттық аланда ойындар, «Дос болайық бәріміз» достық фестивалі.
«Мы жители Земли» психологиялық тренингі: балалардың өзара қарым-қатынас құру кезінде толерантты болу, шыдамдылық пен төзімді болуға арналған ойындар мен жаттығулар.
«Бірлігіміз жарасқан» спорттық ойындар: 4 пункттен құралған, әр бір пунктте топтар команданың ұйымшылдығына арналған тапсырмалар орындады,олар: «Өткел», «Қызықты поез», «Лабиринт», «Достық қадам»
«Дос болайық бәріміз» достық фестивалі: бейбітшілдік, келісім және достық ұғымдарын қалыптастыруға арналған, ойын және концерттік бағдарлама.