/public/files/2023/2/22/220223_154447_publichnoe-obsughdeniekaz.docx
2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер жөнінде eсеп
Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі .
Заңды мекен-жайы: Степногорск қаласы 2 шағынаудан, № 14 ғимарат.
Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де білім беру саласында 2022 жылы бойынша 150 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
4003015 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 94
403003 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» - 49
403008 «Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды қамтамасыз ету» - 1
403004 «Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» – 1
803005 «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 5
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ, негізделген бас тартулар саны – 2.
Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат № 2 мектептің http://sc0002.stepnogorsk.aqmoedu.kz/ сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
Ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері көрсетілген.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар:
Сондай-ақ, мүгедектерге арналған пандус және қоңырау шалу түймесі бар:
2022 жылы халықтың қозғалысы шектеулі тобына арналған дәретхана іске қосылды, фойеде мүгедектерге арналған қозғалыс бағытының қауіпсіздігін белгілеу үшін тактильді плиткалар бар:
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттырудың, осы қызметтерді тұтынушының ұстанымына негізделген жаңа буын мемлекеттік қызметтерінің стандарттарына көшудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Басшы А. Капизина