Текст
Мектебімізде жыл сайынғы республикалық “Мектепке жол-2022” акциясы басталды.Бұл жылы акция Балалар жылы аясында өтіп жатыр.Акцияға қаламыздың жанашыр азаматтары мен демеушілері қатысады. Жыл сайынғы бұл іс-шара әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың балаларына жаңа оқу жылына дайындалуға көмек беруге бағытталған. Акция 1 тамыздан “Бақытты балалық шақ алаңы” атты ұранмен 30 қыркүйекке дейін созылады.