Текст
Бүгін мектебімізде жазғы демалыс маусымына дайындық аясында мектеп жанындағы алаңның қабылдау шарасы өтті. Білім бөлімі тарапынан құрылған комиссия ойын жабдықтарын, аумақтың санитарлық жағдайын, қауіпсіздік шараларын және балалардың демалысын ұйымдастыруға арналған жағдайларды мұқият тексерді.
☀️ Тексеру нәтижесінде комиссия алаңның балаларды қабылдауға толық дайын екенін растады.
Алаңды дайындауға атсалысқан мектеп ұжымына алғыс білдіреміз!
Алда — қызықты да мазмұнды жазғы демалыс күндері күтіп тұр. Балалар уақытының көңілді әрі пайдалы өтетініне сенімдіміз!