22.07.2025

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі 2025 жылғы 23 шілде мен 01 тамыз аралығында бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Мектепалды даярлық тобының мұғалімі (орыс тілі) – 1 ставка,
2. Тарих және география пәнінің мұғалімі (қазақ тілі) – 1 ставка,
3. Биология пәнінің мұғалімі (қазақ тілі) – 0,5 ставка (декреттік орынға),
4. Химия пәнінің мұғалімі (орыс тілі) – 0,5 ставка,
5. Физика пәнінің мұғалімі (орыс тілі) – 1 ставка,
6. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (қазақ және орыс тілінде) – 1 ставка,
7. Математика пәнінің мұғалімі (қазақ және орыс тілінде) – 2 ставка,
8. Әлеуметтік педагог (қазақ және орыс тілінде) – 1 ставка,
9. КПИ-дегі логопед-мұғалім (қазақ тілі) – 0,5 ставка.
Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды қабылдау hr-nobd.iac.kz платформасы арқылы жүргізіледі