«СӘКЕН СЕРІ ЖҮНІСОВТЫҢ ӨНЕГЕЛІ ҒҰМЫРЫ» атты адалдық сағаты.
Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 8-12 қараша аралығында қазақ жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық арасында өзінің көпқырлы таланты үшін «Сәкен-сері» ретінде танымал Сәкен Жүнісовтың еңбектеріне арналған кезекті «Адалдық сағаты» өткізеілді. Тоқсан сайынғы акцияның негізгі мақсаты жас ұрпаққа белгілі ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру болып табылады.
Сәкен Жүнісов жан-жақты, ақылды, өнердің түрлі саласынан өзін танытқан тұлға. Ол өлең жазған, ән айтқан, домбыра ойнаған, сурет салған.
Әдебиет майталманы елдегі мәселеге еш уақытта бейжай қарамаған. Өз заманында ол мансап пен атаққа қызықпаған.