Текст
Оқушы жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі.
Омирбекова Асель Жамантаевна – өз ісіне жауапты, білімді де білікті ұстаз. Асель Жамантаевна оқушыларға сапалы білім беріп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосып келеді.
Оның шәкірті, 5 «Б» сынып оқушысы Рахматулин Владислав биылғы оқу жылында ерекше жетістіктерге қол жеткізді:
- пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде – III орын,
- «Алтын сақа» зияткерлік байқауының республикалық кезеңінде – III орын.
Бұл – ұстаз бен шәкірттің ерен еңбегінің нәтижесі.
Ұстазымызға шығармашылық табыс, ал оқушымызға алда талай биіктерді бағындыруына тілектеспіз!