Текст
Оқушының жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі.
Туякова Анар Назымбековна – жоғары санатты, өз ісіне адал, тәжірибелі ұстаз. Ол жылдар бойы оқушылардың білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын оятып келеді.
Биылғы оқу жылында шәкірті Әлтай Інжу пәндік олимпиадада ерекше нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда:
- қалалық кезеңде – I орын,
- облыстық кезеңде – I орын,
- республикалық кезеңде – III орын.
Бұл – Анар Назымбековнаның жүйелі жұмысының, терең білімінің және шәкіртіне деген шынайы қамқорлығының нәтижесі.
Ұстазға шығармашылық табыс, ал оқушыға білім көкжиегінде әлі талай биіктерді бағындыруын тілейміз!